Қытайлық Xiaoxiang Post газетінің хабарлауынша, зымыран бөлшектері Хунань провинциясындағы 11 ауылдың аумағына түскен. Бұл аймақта 160 мыңнан астам халық тұрады. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген, тек екі үйдің шатыры ғана қираған деп хабарланды.
Айда жүретін аппарат тиелген "Чанъе-3" зымыраны Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан 2 желтоқсанға қараған түні ұшырылған еді, деп хабарлайды «Азаттық».
Ол Айға 14 желтоқсанда қонып, Айдың бетін зерттейтін 90 күндік миссиясына кіріседі деп жоспарланып отыр.