Зырян қаласында 36 градус аяз, мектептер мен лицейлерде сабақтар тоқтатылды - ШҚО
10:25, 18 Ақпан 2013
ӨСКЕМЕН. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында ауа температурасының күрт төмендеуіне
байланысты мектептер, лицейлер мен колледждерде бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды.
Қазір Зырян қаласында -36 градус аяз тұр. Облыстың қалған аумақтарында температура -27 - 32 градусты көрсетуде.