Ол бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы ер адам болып шықты.
Полицейлер шұғыл әрекет етіп, жұмыссыз, бұрын сотталмаған, кісі өлтіруге күдікті 22 жастағы жергілікті тұрғынның ізіне шықты. Ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды және қазірдің өзінде мойындау жауаптарын беруде.
Анықталғандай, қайғылы оқиға бұрыннан таныс екі адамның арасындағы арақ ішу отырысы кезінде басталған жанжалдан болған. Қылмыскер жәрбірленушіні шөлмектің сынығымен мойнынан ұрып өлтіріп, мүрдені көгалдың шетіне сүйреп тастап, із суытқан.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 1-бөлімінің 96-бабымен іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.