Зыряновта үш жасар бала жазатайым шетінеді

ӨСКЕМЕН. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Зыряновта ересектердің байқаусыздығынан үш жасар бала шетінеді,

деп  хабарлайды   төтенше жағдайлар жөніндегі  ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жүк көлігінің  доңғалағын  ауыстыру кезінде   машина иесі  доңғалақты қараусыз   қалдырған.   Жақын жерде  ойнап жүрген оның  3 жасар немересі  байқамай   доңғалақты  өзінің   үстіне  аударып алып,  алған  жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.