Қазгидромет қыркүйектің 19-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 19-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап жаңбыр жауады. Республика бойынша солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.