Кетпен мен пышақ алып шыққан: Алматыда ер адамдар жанжалдасып қалды
Алматыда ер адам мен танымал тамақ өнімдерін тасымалдаушы курьердің арасында жанжал туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жанжалдың видеосы желіге тарап кетті. Видеода тамақ тасымалдаушы курьердің қолына кетпен ұстаған адамды пышақпен қорқытып, мопедтің кілтін сұрап тұрғаны айқын көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қалалық Полиция департаментінің ақпаратынша, аталған факт тіркеуге алынып, Бостандық аудандық полиция басқармасы оны «бұзақылық» бабы бойынша тергеп жатыр.
«Осы оқиғаға күдікті ретінде 1992 жылы туған П. атты азамат ұсталды. Одан пышақ алынып, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты өзге де мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр»,-деп мәлім етті, қалалық Полиция департаментінен.