21 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

21 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Фото: ҚазАқпарат

10.00-де Қазмедиа орталығында Astana Media Week 2023 аясында Өңірлік БАҚ форумы өтеді.

10.00-де Rixos President қонақ үйінде аквариумтану бойынша I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. «Ailand» океанариумы бастаған бұл оқиға теңіз тұрғындарын жасанды жағдайда зерттеудің, сақтаудың және өсірудің аспектілерін жариялауға арналған.

10.00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында» ашық есік күні өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті жазушы, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Әкім Таразидің 90 жас мерейтойына арналған «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалар салық салу туралы» онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Астана қаласы бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерлан Бәкіров, Астана қаласы бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының жалпыға бірдей декларациялау және өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Ерасыл Бораш.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де «Қазақстан темір жолы» ғимаратында 2023 жылдың 8 айында әлеуметтік маңызы бар жүктерді (астық, көмір) тасымалдау қорытындысы бойынша брифинг өтеді.

11.00-де ҚР Әділет министірі Азамат Есқараевтың төрағалығымен заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.

14.00-де «Қазжол» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан Республикасында тиімді және қауіпсіз энергетиканы дамыту» форумы өтеді.

14.30-да ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстандағы ойын және лотерея бизнесінің мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Wyndham Garden Astana қонақ үйінде «Ауыл» ХДПП бастамасымен «Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету – ауыл тұрғындарының табысын арттыру негізі» атты республикалық кеңес өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Мұратұлы; ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов; ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы Әбіш Шұғаев.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.30-да Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Адал Азамат – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысы» атты дөңгелек үстел өтеді.

16.00-де Қазмедиа орталығында «Белгісіздік дәуіріндегі мемлекет пен БАҚ байланысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.