-30 градус аяз: Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетау мектептерінде бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды.
«Ауа температурасының минус 30 градусқа төмендеуіне байланысты 15 ақпанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», - делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.
Еске салайық, ауа райына байланысты 14 облыста 38 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.