Түркістан облысында жолға шыққан сиыр 4 көліктің соқтығысуына себеп болды
Түркістан облысында жолға шығып кеткен сиырдың кесірінен төрт көлік бүлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: облыстық Полиция департаментінен
Оқиға «Шымкент-Самара» тасжолы бойында болды. «Toyota Estima» маркалы 7 орындық көлік жолға шығып кеткен сиырға соғылған. Оқиғадан зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсету үшін жол жиегіне «Ауди» тоқтаған. Кейін «Аудиді» артынан екі көлік – «Нуundaі Santa fe» және «Xonda Elysion» келіп соққан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан тек автокөліктерге материалдық шығын келді. Адамдар қазасы жоқ. Жүргізушілер мен жолаушыларға жергілікті жерде медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Қазіргі таңда жауапкершілікке тарту үшін мал иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.