19 қыркүйек күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қыркүйек күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Үкіметтің кезекті отырысы басталады. Күн тәртібінде – егін жинау науқаны; жаңа Бюджет кодексі жобасы; алдағы жылыту маусымына дайындық барысы. Трансляция Үкіметтің рrimeminister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
11.00 «El Umiti» корпоративті қоры «El Umiti» жүлдесін таныстырады.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде емханаларға еркін тіркелу науқанының басталуына арналған онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан мен Тунис арасындағы IOFS (Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы) бірлескен инвестициялық ынтымақтастық» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Тунис Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Абдель Монем Белати; Тунис өнеркәсіп, сауда және қолөнер одағының (UTICA) президенті Самир Мажуль; Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) бас директоры Ерлан Байдәулет. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
14.30-да «Мәскеу» бизнес-орталығының «Астана» конференц-залында Еуропадағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің Қазақстандағы таныстырылымына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астана қылышы» семсерлесуден республикалық ашық турнирін өткізуге арналған онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: «Астана» Семсерлесу федерациясының президенті Ержан Нүсіпбеков, Астана қаласы әкімдігінің №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы Айдын Тоқбаев. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
17.00-де Мәжілісте «Ауыл шаруашылығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы» тақырыпта Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген тақырыптық отырысы өтеді.