Вице-министр АЭС референдумы туралы: Президент Жарлығын күтіп отырмыз

АЭС
Фото: vwalakte/Freepik

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетовке АЭС салу мәселесі жөніндегі референдумның қашан өтетіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менде референдумның қашан өтетіні туралы жауап жоқ. Біз атом энергиясын пайдалану туралы заң аясында жұмыс істейміз. Атом электр стансасын салу мәселесі осы заңмен регламенттелген. Сонымен бірге референдум туралы заң бар. Референдум тағайындау құқығы Президентке тиесілі. Жарлық қашан шықса, референдум сол кезде өтетді», - деді ол.

Вице-министр Энергетика министрлігі референдум мерзімін белгілеуге қатыспайтынын атап өтті.

«Бұл мәселеде бізге байланысты әрекет жоқ. Референдумның датасы белгіленуі үшін саяси шешім керек. Біз Президент Жарлығын күтіп отырмыз», - деді Жандос Нұрмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар