Декларацияны уақтылы тапсырмағандарға қандай жауапкершілік көзделген

заң
Фото: ҚазАқпарат

Мемлекеттік кірістер комитеті активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған тұлғаларға қандай жауапкершілік көзделгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталған. Онда активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары табыс етуге тиіс болатын.

Мұндай ұйымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар және олардың жұбайлары (мұндай ұйымдардың штаттық қызметкерлері болып табылмайтын) 2023 жылы декларацияны табыс етпейді.
2023 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің декларацияларын электронды түрде тапсыру мерзімі аяқталды.

«Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші рет уақытылы тапсырылмағаны үшін ескерту жасалады. Егер осыдан кейін бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалса 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер аталған бұзушылық бірінші рет жасалып, салықтардың есептелуіне әкеп соқпаса, онда ескерту жасалады. Ал егер осындай бұзушылық ескерту жасалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», - деп атап өтедім комитеттен.

Соңғы жаңалықтар