Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады?

Декларация
Фото: из открытых источников

Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» /270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация») қабылданған-қабылданбағанын қалай және қайдан білуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Декларацияның (250.00 нысанды «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация» / 270.00 нысанды «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация» нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап/жүктеп алуыңызға болады:

- e-Salyq Azamat («Декларация табыстау» бөлімінде/«СЕН табыстаудың тарихы»);

- «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы («Салық есептілігінің нысандары» бөлімінде/ «Нысандар журналы»)", - делінген ведомство жазбасында. 

Соңғы жаңалықтар