Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет – ҚР Президенті

Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

моңғолия,
Фото: из открытых источников

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті.

Президент екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты.

Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.