Жаңадан құрылған өңірлер үй салуда көш бастап тұр

Ел өңірлерінде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында сегіз айда шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% көп және 15,3 млн шаршы метрді құрайтын жылдық жоспардың 65% құрайды. ҚазАқпарат бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңадан құрылған өңірлер үй салуда көш бастап тұр

Жалпы сегіз айда республика бойынша 86 616 тұрғын үй салынған, оның 22 368-і – жеке тұрғын үй. Салынған инвестиция көлемі – 1,7 трлн теңге, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5% жоғары.

Үй салу
Фото: primeminister.kz

 

Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірлерде артқан:

  • Ұлытау облысы – 156,7%,
  • Абай облысы – 128%,
  • Алматы облысы – 103,5%,
  • Жетісу облысы – 106,8%,
  • Павлодар облысы – 115,8%,
  • Ақмола облысы – 103,2%,
  • Түркістан облысы – 108,1%,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 107,2%,
  • Қостанай облысы – 103,6%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 105,1%,
  • Қызылорда облысы – 119,8%,
  • Ақтөбе облысы – 102,2%,
  • Жамбыл облысы – 101,2%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 100,2%,
  • Шымкент қаласы – 119,4%,
  • Алматы – 122,5%,
  • Астана – 139,5%.

Неғұрлым қалыпты көрсеткіш Қарағанды (99%), Маңғыстау (96,3%) және Атырау (73,3%) облыстарында байқалады.

Үй салу
Фото: primeminister.kz

 

Мәлім болғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен елімізде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

2023 жылы – 15,3 млн шаршы метр

2024 жылы – 15,5 млн шаршы метр

2025 жылы – 15,7 млн шаршы метр

2026 жылы – 15,9 млн шаршы метр

2027 жылы – 16,1 млн шаршы метр

2028 жылы – 16,3 млн шаршы метр

2029 жылы – 16,5 млн шаршы метр