Үкімет көмір экспортын өндіруші кәсіпорындарға басымдық беру арқылы реттемек

Халыққа қажетті көмірдің 28,3 пайызы ғана тиеп жөнелтілген. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкміет отырысныда осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

көмір
Фото: ҚазАқпарат

«Биылғы жылыту кезеңінде көмір өніміне қажеттілік – 9,1 млн тонна. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге - 2,3 млн тонна, халыққа – 6,8 млн тонна көмір керек.

Бүгінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа шамамен 2,6 млн тонна көмір жөнелтілді. Жылдық жоспардың орындалуы 28,3% ғана.
Әлеуметтік көмірдің сыртқа кетуін болдырмау мақсатында министрлік көмірді автомобиль көлігімен әкетуді шектеу жөнінде шаралар қабылдады», - деді министр.

Ведомство басшысы көмір өндіруге келісімшарттары және лицензиялары бар көмір өндіруші кәсіпорындар мен соларға үлестес сауда компанияларына көмір экспортында айрықша құқық белгілеу туралы Үкімет қаулысы қабылданатынынын атап өтті.