1,1 млн теңге жалақы: Теңіз кенішіндегі стационарға жұмысқа шақырған ақпарат жалған - ТШО

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Теңіз кенішіндегі провизорлық стационарға жұмысқа шақырған жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1,1 млн теңге жалақы: Теңіз кенішіндегі стационарға жұмысқа шақырған ақпарат жалған - ТШО

WhatsApp желісінде тараған ақпараттың жалған екенін «Теңізшевройл» ЖШС медициналық қызметінің директоры Боранбай Мәтжанов растады.

Онда 20 дәрігер, 20 медбике және 40 санитар қажеттігі көрсетілген.

«Еңбекақы дәрігерлерге -1 100 000, медбикелерге -950 000, санитарларға -900 000 теңге. Келісімшарт мерзімі –2 ай, одан әрі 14 күн карантин. Жол жүру, тамақтану, жатын орнының шығыны тапсырыс берушінің есебінен», -делінген жалған ақпаратта.