1,1 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырған екі қазақстандыққа іздеу салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ірі көлемде мемлекет бюджетін жымқырған Қазақстанның 2 азаматына іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкер Жексенғалиев Әнуарбек Болатұлы және Медетбеков Еркін Қалқабайұлына іздеу жариялады. Олар 1,1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Күдіктілер бюджет қаражатын жымқыруды алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ұйымдастырған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, агенттік іздеу салынған азаматтарға қатысты ақпарат үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын жеткізді.

Сол сияқты хабарлаған адамның аты-жөні жасырын қалатынына кепілдік беріледі.

«Айыптыларды анықтаған немесе олардың орналасқан жері туралы ықтимал ақпаратты білген жағдайда агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 нөмірлі сенім телефондары арқылы немесе Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайына хабарласуды сұраймыз», - дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар