1 125 әскери қызметші тегін санаторлық-шипажайлық ем-доммен қамтамасыз етіледі - ҚР ҚК (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жазда 1 125 әскери қызметші және ҚР ҚК қолданыстағы зейнеткерлері отандық шипажайларда денсаулықтарын қалпына келтіре алады.
None
None

Маусым-шілде айларында олардың 385-і сауықтыру курсынан өтті. Қалғандары тамыз және қыркүйекте ем қабылдау демалысына баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тегін санаторлық-шипажайлық емдеу Қазақстандағы әскери қызметшілер үшін қарастырылған кепілді медициналық қызметтер пакетіне кіреді. Оны медициналық көрсетілімі бар әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, мерзімді қызметтегі сарбаздар ала алады.

«Көбінесе ауру-сырқау, жарақат немесе хирургиялық операциядан кейін ем қабылдайды. Денсаулықтарын тегін қалпына келтіруге Қазақстан Қарулы Күштерінің қолданыстағы зейнеткерлері де құқылы. Біз сауықтыру-оңалту, посттравматикалық немесе постоперациялық қалпына келтіруге мұқтаж әскери қызметшілердің есебін ұдайы жүргізіп отырамыз. Осы есептен санаторийге жолданатындардың тізімін құраймыз, ал жазғы кезең басталысымен адамдар ем-дом қабылдауға жолданады», - деп түсіндірді ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасында. Бүгінгі таңда әскери қызметшілерді үш қазақстандық шипажай қабылдайды. Ол Қостанайдағы «Сосновый бор», Щучьедегі «Зеленый бор» және Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауындағы «Алтынемел». Барлық үш шипажай табиғаты көркем жерлерде орналасқан және сауықтыру ем-шараларының жақсы жиынтығының арқасында сұранысқа ие. Панталық, теңіз және қылқан жапырақ бұлаулары, лазер терапиясы, балшықпен емдеу, ингаляция, емдік уқалау, балауызбен емдеу және тағы басқа ем-шаралар. Өткен үш жыл ішінде мұнда 2 000-нан астам әскери қызметші санаторлық-шипажайлық ем алғанын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар