1,3 мыңнан астам британдық полицей тергеліп жатыр

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Англия мен Уэльсте 1,3 мыңнан астам полиция қызметкері қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Соңғы 10 жылда тергеуге алынған британдық құқық қорғаушылар саны 590% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
None
Фото: Victoria Jones/PA

Observer газеті жүргізген тексеру көрсеткендей, 2022 жылы Англия мен Уэльстегі 140 мың қазіргі және бұрынғы тәртіп сақшылары мүше болған полиция қызметкерлері қауымдастығы қылмыс жасады деген айып тағылған қауіпсіздік қызметкерлерінен 1387 құқықтық қолдау туралы мәлімдеме алғанын анықтады.

Сондай-ақ, газет деректері 2012 жылдан бастап полицейлерге қатысты тергеу саны 590%-ға өскенін көрсетіп отыр.

10 жыл бұрын полиция қызметкерлері қауымдастығынан тек 235 құқық қорғау қызметкері заңды қолдау сұраған.

Жаңа деректер британ қауіпсіздік күштеріне қатысты жанжалдың көбеюі аясында ашылды.

Қаңтар айында тек елордалық полицияда 800-ге жуық офицерге қатысты сексуалдық және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 1 мың өтініш тексерілетіні белгілі болды.

Бұл ретте Лондон полиция басқармасының 150 қызметкері сексуалды сипаттағы әрекеті немесе нәсілшілдігі үшін тергеуге алынған.

Осы айдың басында Лондонның бұрынғы полиция қызметкері Дэвид Кэррик кем дегенде 12 әйелді зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар