09:24, 30 Қаңтар 2023 | GMT +5
1,5 мыңнан аса науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 30 қаңтардағы соңғы ақпарат жарияланды.
Оған сәйкес 1 637 адам коронавирус инфекциясынан (–1 494+ және 143 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 111 пациент стационарда, 1 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр
- бір пациенттің жағдайы өте ауыр
- бір науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.