1 546 атыраулықтың өзін банкрот деп тануға берген өтінішінен бас тартылған

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 1 5446 адамның өзін банкрот деп тануға берген өтінішінен бас тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 3 наурыздан бері өзін-өзі банкрот деп тану үшін 2 075 өтініш түскен.

«Осы кезге дейін банкрот деп тану үшін 1546 атыраулықтың өтінішінен бас тартылды. Енді олар заңның талабына сәйкес келмегендіктен, банкроттықты қолдана алмайды. Оның ішінде кейбір азаматтардың жұбайларының иелігінде мүлік, ортақ мүлік, автокөлік, бағалы қағаз бен депозит бар. Ал кейбірінің АХАЖ бөлімінде неке туралы дерегінің көрінбеуіне байланысты болып тұр. Ал 302 адамның өтініші алдын ала мақұлданды. Бұл өтініш заңға сай келсе, 6 айдан кейін банкртоттық қолдану жөнінде шешім шығарылады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Әлия Байтемірова.

Оның айтуынша, банкроттық мәртебесін алғаннан кейін оның салдары бар.

«Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жылға дейін қарыз алуға тыйым салынады. Ал қайтадан банкрот деп тануға 7 жылдан кейін өтініш бере алады. Банкрот деп танылған адамдардың қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізіледі», -деп мәлім етті Әлия Байтемирова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын өзін банкрот деп тануға 1200-ге жуық атыраулық өтініш бергенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар