1-7 ақпан - Үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынастардың бүкіләлемдік апталығы

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынастардың бүкіләлемдік апталығын әлемдік қауымдастық алғаш рет 2011 жылдың 1-7 ақпаны күндері аралығында атап өтті.

1-7 ақпан - Үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынастардың бүкіләлемдік апталығы

Мерекені бұдан әрі жыл сайын ақпан айының алғашқы аптасында атап өту шешімі қабылданды.

2010 жылдың 20 қазаны күні өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 34-ші пленарлық отырысында адамдар арасындағы өзара түсіністікті, келісімді және ықпалдастықты нығайту мақсатында түрлі конфессиялар мен діндер арасындағы диалогты дамыту қажеттігі атап өтілді. Бұған қолдау білдіру мақсатында ақпанның алғашқы аптасын Барлық діндер, сенімдер мен конфессиялар арасындағы үйлесімді қарым-қатынастардың бүкіләлемдік күні етіп жариялаған қарар қабылданды.

Біріккен ұлттар ұйымы барлық мемлекеттерді осы апта бойы ерікті негізде конфессияаралық үйлесімдік пен ізгі ниет идеясын таратуға шақырады. Іс-шаралар шіркеулерде, мешіттерде, синагогалар және өзге де құлшылық ету үйлерінде өткізіледі.