1 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 1 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.
1 ақпан СЕНБІ
АҚШ-та Ұлттық бостандық күні. АҚШ Президенті А.Линкольн АҚШ Конституциясына «Құлдықты жою туралы» 13-ші түзету енгізу жөнінде конгресс қарарына қол қойды. Құлдықты жою идеясының жақтастары жеңіске жетті. Бұл - Азаматтық соғыс (1861-1865) арқылы қол жеткізілген ұлы жеңіс болатын. Қарар 1865 жылы желтоқсанның 18-інде күшіне енді.
Алжирдегі орын ауыстыру күні. 1968 жылғы Мерс-эль-Кебир әскери-теңіз базасын тарату құрметіне орай бекітілген. Сонымен қатар Алжир жерінен соңғы шет ел солдатын көшіру ретінде де аталынады.
Қытай халқының Жаңа жылы немесе Көктем мерекесі. Аяз күші саябырсып, көктемнің алғашқы лебі сезіле бастау құрметіне үш күн қатарынан тойланады.
Иранда ислам революциясының күні. Бұл мереке 1979 жылы ақпанның 1-інде көп жылдар бойы айдауда болған Рухолла Мусави Хомейни имамның елге оралуымен байланысты. Дәстүрлі мерекелі шараның өз атауы «Фаджр» - «Таң сәрі» деген мағынаны білдіреді.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
2 2 жыл бұрын (1992) Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің Прагада өткен сессиясында тұңғыш рет Қазақстанның байрағы орнатылды.
1 7 жыл бұрын (1997) «Қазмырыш» АҚ бірыңғай өндірістік-экономикалық кешен ретінде жұмыс істей бастады. Акционерлік қоғам тау-кен, кен байыту, энергетика, жөндеу және металлургия зауыттары негізінде құрылды. Сонымен қатар оның құрамына Бұқтырма су электр стансасы және Текелі қаласындағы кәсіпорындар кешені кіреді. 22 6 жыл бұрын (1788) алғашқы американдық кеме патенттелді.
5 6 жыл бұрын (1958) Египет пен Сирия мемлекеттерінен Біріккен Араб Республикасы құрылды.
7 жыл бұрын (2007) сингапурлық инженерлер автокөлік кілтінің қызметін атқара алатын бірегей ұялы телефон жасап шығарды. Осындай қызметке жазылған автокөлік иесі ұялы телефонның көмегімен машинасын ашып-жауып қана қоймайды, сондай-ақ ол машинасының қайда тұрғанын біле алады, қажет болған жағдайда барлық маңызды электр желілерін толық өшіріп тастай алады. Бірегей телефонды жасап шығарған инженер Кэрри Уидің айтуынша, көлік құралының қожайыны тәуліктің кез-келген мезгілінде телефонмен SMS-сауал жіберіп немесе Интернетке қосылып көлігінің орнында тұрған-тұрмағанын анықтай алады.
50 жыл бұрын (1964) КСРО Министрлер Кеңесінің «Қазақ КСР-індегі қой шаруашылығын дамыту үшін шөл және шөлейт жайылымдарды игеру туралы» қаулысы жарияланды.
1 3 жыл бұрын (2001) Петропавл қаласында «Асыл мұра» тарихи-мәдени, ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды. Орталықтың негізгі міндеті - Солтүстік Қазақстан облысының атақты адамдары туралы мәліметтер мен материалдар жинау. «Асыл мұра» Тоқсан би, Қожаберген жырау, белгілі ақын Баймағанбет Ізтөлин туындыларын, көрнекті жазушылар С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мерейтойларына арналған шағын сувенирлік кітаптар, ақын М.Жұмабаевтың «Жыр жұлдызы» деп аталатын сувенирлік өлең жинағын әзірлеп, жарыққа шығарды.
9 жыл бұрын (2005) Израильде Қазақ киносының күндері өтті. Қазақ киносын таныстыру үшін Израильға «Қазақфильм» өкілдері және бас директоры Сергей Әзімов бастаған танымал қазақстандық режиссерлардан тұратын делегация барды. Тель-Авив, Хайфа және Иерусалим қалаларында Қазақ киносы күндерінің салтанатты ашылуы өтті. Режиссер Сатыбалды Нарымбетов Семей ядролық полигоны маңында тұрған адамдардың тағдыры туралы баяндайтын «Қызжылаған» фильмін таныстырды. Қазақстандық кинотүсірушілер Израильға түрлі жанрдағы алты фильм апарды.
7 жыл бұрын (2007) Қазақстанда кітап шығарудың 200-жылдық мерейтойы қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері прозалық, ақындық, сатиралық шығармаларының жинағы басылып шықты.
«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын...» атты кітапты баспа ісі және редакциялау кафедрасының журналистика факультеті шығарды. «Журналистика шеберлігі және редакциялау кафедрасы» ретінде 1976 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Оның ашылуының бастаушысы - танымал ғалым, профессор Тауман Амандосов. 1998 жылы кафедра өзінің жаңа атауына ие болды.
8 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының қызметін басқару бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі туралы» № 55 Жарлыққа қол қойды.
8 жыл бұрын (2006) Алғаш рет қазақстандық «Жігіттер» квартетінің лазерлік дискісі мен магнитті таспасы шығарылды. «Ерке қыз» деп аталатын жинаққа 16 ән енді. Оның арасында Бақытжан Алдияр, Болат Оразымбетов, Ержан Серікбаев, Ибрағим Иса, Кенжебек Әбдікерімұлы, Мұқтар Қуандық және т.б. композиторлардың шығармалары бар.
4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы бақылау бойынша комитетінің ресми ақпараттық интернет-порталының -www.kfm.gov.kz ашылу салтанаты өтті. 4 жыл бұрын (2010) Венада 2010 жылғы маусымның «Астана» велоқұрамасының ресми таныстырылымы өтті.
3 жыл бұрын (2011) Алматыда VII Қысқы Азия ойындары аясында Орталық көрме залында Алматы қаласы әкімдігінің Қысқы Азиада ойындары-2011 дирекциясы және Көркемсурет көрмелері мен аукциондар дирекциясы ұйымдастыруымен «Тағылымдылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер көрмесі ашылды.
3 года назад (2011) Астанада «РИА Новости» аймақтық өкілдігінде Сталинград шайқасына арналған «Астана - Мәскеу - Тбилиси» мультимедиялық видеокөпірі өтті.
2 жыл бұрын (2012) «Қазақ энциклопедиясы» баспасы «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясын шығарды. Онда Қаныш Имантайұлының балалық шағынан бастап, есею және тұлға ретінде қалыптасу жолдары мен қоршаған ортасы түгел қамтылған. Сондай-ақ қоғам және мемлекет қайраткерінің еңбектері жинақталып, ол туралы ғылыми пайымдаулар берілді
2 жыл бұрын (2012) Астанада халық жазушысы Сәкен Жүніс тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
1 жыл бұрын (2013) қазақстандық жазушы Дидар Амантайдың «Қарқаралы» шыңдарында, «Гүлдер мен кітаптар» және басқа да бірнеше шығармасы Париж, Анкара, Ұлан-Батырда француз, түрік және монғол тілдерінде шықты.
1 жыл бұрын (2013) «Ел Арна» телеарнасынан «Фобия» жаңа реалити-шоуы өз көрсетілімін бастады.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1934-2006) Қазақстаннның халық жазушысысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖҮНІСОВ Сәкен Нұрмақұлы дүниеге келді.
Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақстанның Халық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). 1957-1959 жж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында және 1960-1964 жж. Қазақ мемлекеттік драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы («Сонарда») 1959 жылы шықты. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін «Әжем мен емші және дәрігер» (1961), «Кімнің мекені жақсы» (1962), «Сақау бәтеңке» (1983), т.б. кітаптары жарық көрді. «Өшпейтін іздер» повесін (1968), «Жапандағы жалғыз үй» романын жазды (1965; орыс тілінде - 1968). «Ақан сері» дилогиясы жарық көрді. (1кіт., 1971; 2кіт., 1977; орыс тілінде - М., 1979). «Алғашқы вагон» (1982), «Заманай мен Аманай» (1987) повестерін жазды. Жазушының «Ажар мен ажал» (1967), «Тұтқындар» (1970), «Қызым, саған айтам» (1972), «Жаралы гүлдер» (1973), «Қос анар» (1974), «Әр үйдің еркесі» (1975), «Қысылғаннан қыз болдық» (1976), «Кроссворд немесе масханадағы маскарад» (1981), т.б. пьесалары республика театрларында қойылды. «Өліара» пьесасына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1986). 2000 жылы «Сәкен сері ел жайында, ел Сәкен сері жайында» кітабы жарық көрді. Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың «Перекоп», «Көк адыр» романдарын, т.б қазақ тіліне аударған. 157 жыл бұрын (1857-1927) орыс психиатр-дәрігері, академик, рефлексология мен патопсихологияның негізін салушы БЕХТЕРЕВ Владимир Михайлович дүниеге келді.
3 6 жыл бұрын (1978) спортшы велоспортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпионы ТРЕТЬЯКОВ Сергей Геннадьевич дүниеге келді.
6 5 жыл бұрын (1949) кинорежиссер, анимациялық кино суретшісі, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты ДӘНЕНОВ Жәкен Жұмағалиұлы дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1973 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет жасайды. Ол «Алпамыс батыр», «Дала әуендері», «Борсық пен ай», «Айдаһар аралы», «Бұлбұл», «Аңшылық», т.б. фильмдерді түсірген.
6 5 жыл бұрын (1949) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ТОЙБАЕВ Әлихан Әбдіханұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Талғар ауданы М.Фрунзе атындағы кентте туған. Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген. 1967-1976 жылдары М.Фрунзе атындағы кеңшардың машина-трактор шеберханасының слесары, бөлімшесінің жүргізушісі, агрономы, бригадирі болып жұмыс істеген. 1976-1985 жылдары - «Горный садовод» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1985-1986 жылдары - Қазақстан Қомпартиясы Талғар аудандық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстык комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Талғар аудандық комитетінің екінші хатшысы. 1988-1991 жылдары - халық депутаттары Алматы облыстық Кеңесі Талғар аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991-1992 жылдары - халық депутаттары Талғар аудандық Кеңесінің төрағасы - халық депутаттары Алматы облыстық Кеңесі Талғар аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары - Алматы облысы Талғар қаласының және Талғар ауданының әкімі. 1995-1998 жылдары - Алматы облысы Қаскелең ауданының әкімі. 1998-1999 жылдары - Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі. 1999-2002 жылдары - Алматы облысы әкімінің бipiншi орынбасары. 2002-2007 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 2008-2012 жылдары - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Кұрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен; «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
7 4 жыл бұрын (1940) жазушы СОМЖҮРЕКОВ Жұмаш дүниеге келді.
Қостанай облысында туған.
Қазіргі Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Әр жылдарда мұғалім, жастар жетекшісі, республикалық «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналында, облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші болып жұмыс істеген. Өткір әдеби сындары, проблемалық, әлеуметтік тақырыптарды өзек еткен көптеген мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланған.
«Көктем тынысы», «Нұрлы нысана» атты өлең кітаптары, «Сарыарқа» таңдамалы жыр жинағы шыққан.
54 жыл бұрын (1960) «Экомед» емханасының негізін қалаушы және жетекшісі, «Хабар» агенттігіндегі «Бірінші байлық- денсаулық» бағдарламасының жүргізушісі БАЙҚОШҚАРОВА Салтанат Берденқызы дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетін 1983 жылы бітірген. Медицинадағы еңбек жолын 1988 жылы Алматы қалалық кеңесханасында дәрігер-лаборант болып бастаған. Ерлер бедеулігін анықтаумен айналысып, күйеуінің немесе донордың шәуһетімен жатырішілік инсеминация жасау және аталық ұрық криоконсервациясы әдістерін енгізген.
1995 жылы бедеулікті емдейтін «Экомед» орталығын ұйымдастырып, Қазақстанда және Орталық Азияда алғашқы болып денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісін енгізді. Нәтижесінде 1996 жылы 31 шілдеде осы лабораторияда Қазақстандағы алғашқы «құтыдағы бала» дүниеге келді. Қазақстандағы алғашқы лаборатория ретінде «Экомед» емханасы 1995 жылы Франциядағы Дүниежүзілік ДТҰ регистріне тіркелген.
Ұлттық медицина ассоциациясының «Алтын Дәрігер» атағының иесі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» атты құрмет белгісімен марапатталған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық cақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған Мемлекеттік награда - «Құрмет» орденімен марапатталған.
52 года назад (1962) «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ президенті БЕКМҰХАМБЕТОВ Айбол Әнуарұлы дүниеге келді. Ақтөбе қаласында туған. «Құрмет» орденінің кавалері (2002жыл) «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген авиаторы» (2005 жыл), ІІ санатты «Достық» орденімен (2006жыл) «Парасат» орденімен (2011жыл), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 жыл) медалімен марапатталған.
59 жыл бұрын (1955) Астана қаласының прокуроры ЖӨРГЕНБАЕВ Мұхтар Әкебайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Кеген ауданында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Атырау облысы Махамбет аудандық прокуратурасының тергеушісі, Атырау қаласының прокуроры, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы облыстық прокурорының бірінші орынбасары, Атырау облысы прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметтерін атқарған. 2009-2010 жылдары ҚР Бас прокурорының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы маусым айынан бері.
«Құрмет», ІІ дәрежелі «Даңқ», «Дмитрий Донской» (РФ) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
9 8 жыл бұрын (1916-1998) ғалым, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ЖАНДАЕВ Мұқатай дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Воронеж педагогикалық институтын бітірген.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1948-1953 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Геологиялық ғылымдар институтының кіші ғылыми қызметкері. 1953 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, кафедра меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері аймақтық геоморфология, неотектоника, сай-жыра эрозиясы, сел мәселелері және геоморфологиялық картаға түсіру әдістеріне арналған. Өзен және өзен аңғарларының пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынды. Жер бедерінің шағын-шағын пішінді өлшемдерін анықтайтын географиялық әмбебап аспап құрастырды. Бұл аспаппен далалық жағдайда географиялық нысандардың әр түрлі параметрлерін, тік және көлбеу бұрыштарды, беткейлердің биіктігі, құрамасы мен экспозициясын, шағын ойыстардың, өзен мен аңғардың кемерлерін, ағаштың биіктігін, малтатас, қойтастардың көлемін, сонымен бірге жергілікті географиялық ендіктерді, Күннің көкжиектен биіктігін, салыстырмалы биіктіктерді анықтауға болады.
1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен және медальдармен марапатталған.
5 3 жыл бұрын (1961) «Тау-Кен-Самұрық» ұлттық кен рудасы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы ТҰРМАҒАМБЕТОВ Мәжит Әбдіқалықұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Н.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.
1984-1989 жылдары - Киров атындағы Машина жасау зауытының шебері, цех бастығының орынбасары. 1989-1991 жылдары - «Дамис» ШК директорының орынбасары. 1991-1992 жылдары - «Қазақ жылжымайтын мүліктер орталық биржасы» АҚ іс басқарушысының орынбасары. 1992-1996 жылдары - «Дамис-93» фирмасының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Алмаз» зергерлік корпорациясы» бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары - «Қазфосфор» ААҚ президентінің кеңесшісі. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі, Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі. 2003-2004 жылдары - «Ұлттық инновациялық қор» ЖАҚ басқармасы төрағасы. 2004-2006 жылдары - - «Астанаэнергосервис» АҚ басқармасының төрағасы. 2006-2007 жылдары - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметте. 2007-2008 жылдары - «Максимум» аймақтық инвестициялық орталық» ЖШС директоры. 2008-2009 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2009-2012 жылдары - ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың қаңтарынан бастап - қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Конститутциясына 10 жыл», «Астанаға - 10 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
5 2 жыл бұрын (1962) Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі МАНЗОРОВ Бағдат Сайланбайұлы дүниеге келді.
Талдықорған облысында туған. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын, Қарағанды мемлекеттік кооперативтік институтын бітірген.
1983-1985 жылдары жаттықтырушы, 1982-1992 жылдары - кооперация органдарында, Қазтұтыну одағы басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады. 1992-1999 жылдары - «Шаған» сауда үйі» ЖШС президенті. 1999-2001 жылдары - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары. 2001-2004 жылдары - Алматы облысы Ақсу ауданының әкімі. 2004-2008 жылдары - «Айсер» ЖШС бас директоры.
Қазіргі қызметінде - 2008 жылға шілдеден бері.
8 3 жыл бұрын (1931-2007) кеңестік және ресей мемлекет және саяси қайраткері, Ресейдің тұңғыш президенті ЕЛЬЦИН Борис Николаевич дүниеге келді.
7 2 жыл бұрын (1942) кеңестік және ресей эстрада әншісі, РСФСР халық әртісі ЛЕЩЕНКО Лев Валерианович дүниеге келді.
4 9 жыл бұрын (1965-1993) американдық киноактер Брэндон ЛИ дүниеге келді.