1 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА
9.15-те Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мәжілісі басталады.
09.30-да Жоғарғы сотта 2018 жылдың қорытындысына арналған республика судьяларының кеңейтілген жиналысы өтеді. Жиналысты Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов өткізеді.
10.00-де Қаржы министрлігі Қазынашылығының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.
10.00-де Астана қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 9-14 жас аралығындағы оқушылары арасында VІІІ қалалық «Астана - ән қанатында» атты вокалистер байқауы өтеді.
11.00-де «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары М. Әшімбаев жас ақындар мен жазушыларға арналған «Ұлы дала» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттайды.
14.30-да Ұлттық зияткерлік меншік институты («ҰЗМИ» РМК) мен Назарбаев Университеті (НУ) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
15.00-те Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған жас көшбасшылардың «Идеядан шындыққа дейін» атты кездесу кеші өтеді.
15.00-де Ботаникалық саябақта «Есіл» ауданының ЖОО-лары мен колледждерінің студенттері пима киіп, шағын футбол ойнайды.
16.00-де Астанадағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Краснояр: Универсиада-2019» фотокөрмесі ашылады.
19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «Астанадағы британдық кеш / With The Beatles» концерті өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде Еуразияның инновациялық экожүйесіне арналған «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы өтеді.
15.00-де «Royal Tulip» қонақ үйінде Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы басталады.
16.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде дижитал-графиканың заманауи өнер көрмесі ұйымдастырылады.
18.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында UPDATE («Жаңару») қайырымдылық көрмесі ашылады.
ШЫМКЕНТ
11:00-де «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракция мүшелері Құдайберген Ержан және Мансұрхан Махамбетов азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдайды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылында «Салбурын - саятшылық мерекесі» фестивалі өтеді. Онда бүркіт, тазы салу сайыстары өтіп, ұлттық саятшылық өнер жаңғыртылады.
15.00-де Turkistan media орталығында Түркістан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов облыстың жалпы экономикалық көрсеткіші бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.