1 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 1 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

ҚР солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады. Республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын (қар, жаңбыр) кей уақыттарда қатты жауады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.