1 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

АСТАНА. KAZINFORM – 1 ақпанға Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

туман
Фото: freepik

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстікте және облыс орталығында шығыс пен оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыс орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының батысында және солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында және орталығында тұман болады. Түнде облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Түнде Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Маңғыстау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар