1 ақпанда Мәскеу тұрғындары найзағай жарқылының және ғасыр ішіндегі температуралық рекордтың куәсі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыстың соңғы айының алғашқы күнінде ауа райы ресейлік астана тұрғындарына ерекше тосын мінез танытты.

1 ақпанда Мәскеу тұрғындары  найзағай жарқылының және ғасыр ішіндегі температуралық рекордтың куәсі болды

Таңертең Мәскеуде күн күркіреді. Қысқы маусымға жат көрінетін табиғи құбылыс жайлы тұрғындар әлеуметтік желіде жарысып жазды. «Твиттерде» сан алуан пікірлер қарша борады.

360° Подмосковье ‏@360tv: Мәскеу тұрғындары таңертең қыс ішінде күн күркіреп, найзағай жарқылдаған табиғаттың тосын мінезіне куә болды.

Усачёв Евгений ‏@azuzuuu: бүгін ел астанасы - Мәскеуде +3°С, жаңбыр жауып, күн күркіреуде...

Анна Кисличенко ‏@AnnaKislichenko: Ақпанда Мәскеуде күн күркірегенін бірінші рет көрдім. Қарлы дауыл соғып, найзағай ойнады.