№1 «Аманат» сыйлығын Нұрсұлтан Назарбаевқа беру керек - Мырзатай Жолдасбеков

Кеңес барысында «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының президенті Зәуре Бейсова «Аманат» сыйлығының аталымдары жайында сөз қозғаса, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің президенті Ырза Тұрсынзада жеңімпаз иелеріне берілетін сыйлық туралы айтып берді.
«Бағзы заманнан, мыңдаған жылдардан біздің қазақ халқының, арғы жағын айтсақ түркі, ғұн, сақ дәуірінде байтақ даланы, Ұлы дала елі - Қазақстанды мекендеген халықтың арманын орындаған кім? Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан біз бірінші сыйлықты елдің сан мың жылдық аманатын орындаған деп ардақтап, ең алдымен бұл сыйлықты Елбасына беруіміз керек деп ойлаймын», - деді Мырзатай Жолдасбеков.
Айта кетейік, «Аманат» қоғамдық сыйлығы таяуда ғана тағайындалған болатын. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан және қызметі жасампаз еңбекке, игілік пен ақыл-парасатқа негізделген жалпы адамзат құндылықтарын нығайтуға көмектесетін адамдарды көтермелеуге арналған.