1 аптада республика бойынша 1934 қылмыс жасалып, оның 1447-сінің ізі суымай ашылды
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - 1 аптада республика бойынша 1934 қылмыс жасалып, оның 1447-сінің ізі суымай ашылды,
деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Сондай-ақ бұрын жасалған 357 қылмыс әшкереленді. 43 қылмыс жасаған күдікті табылып, 6 қару тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының кезекші бөліміне 10 және 11 жастағы екі қыз баланың ата-аналары арызданып, белгісіз адамның олардың қыздарына қатысты зорлық жасағанын хабарлаған. Қылмысты ашуға аталған қаланың барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар жәбірленушілердің айтуы бойынша күдіктінің портреті жасалды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері бұрын зорлау жасағаны үшін сотты болған Глубокое ауданының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство ақпаратында.