1 айдың айдың ішінде 9 техникалық байқау орталығының жұмысы тоқтатылды - Көлік министрлігі

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәліметінше 2013 жылғы 13 сәуірден бастап автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Анықталған бұзушылықтар қатарында негізінен көліктің техникалық жағдайына сәйкес келмейтін параметрлер көрсетілген диагностикалық карточкалардың берілуі және міндетті техникалық байқаудан өту мерзімінің кестесін бұзу фактілері кездеседі. Осы секілді келеңсіздікке жол бергені үшін ағымдағы жылдың басынан бері 17 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылған болатын. Ал, 2012 жылы міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін бұзғаны үшін 9 техникалық байқау орталығы тізілімнен шығарылды.

Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әсет Асаубаевтың айтуынша, алдағы уақытта да мұндай техникалық орталықтарды жүйелі түрде тексерулер жоспарланады. «Ішкі істер министрлігімен бірге рейдтік тексерулерді жоспарлап қойдық. Бұзушылықтар анықталған жағдайда орталықтарға айыппұл салынатын болады, ал бұзушылықтар қайталанған жағдайда олар аталған қызметпен айналысу құқығынан айырылады» - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстанда 336 техникалық байқау орталықтары жұмыс істейді. Барлығы 685 желі қызмет көрсетеді, оның 387-ы -стационарлық, 298-і - мобильдік.

Соңғы жаңалықтар