1 грамм гашиш үшін бүкіл жолаушы медициналық тексеруден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Сыпатай батыр авто» көліктік шекара бақылау бекетінің (қазақ-қырғыз шекарасы) шекара наряды бүгін түнде сағат 00.30-да Қырғыз Республикасынан біздің елімізге қарай келе жатқан, салонында 17 жолаушысы (2 адам ресейлік, 15 адам қырғызстандық) бар «Мерседес-бенц» шағын автобусына шекаралық тексеру жүргізіп, оның барысында қызметтік ит артқы қатардағы орындықтар арасынан мұқият оралған қоңыр-жасыл түсті зат тауып алды. Алдын ала өткізілген сараптама барысында оның гашиш есірткісі екендігі анықталды.
None
None

Көп емес, салмағы 1 грамм ғана болса да бұл үшін қылмыстық іс қозғалатындығы белгілі. Әдетте, мұндай көлемдегі есірткіні есірткі тасымалдаушылар емес, нашақорлар ғана алып жүреді. Жүргізуші де, жолаушылар да «гашишті» бірінші рет көріп тұрғандықтарын айтуда. Амал жоқ, барлығын сараптамаға апаруға тура келді. Қазір барлығы Тараз қаласында сараптамадан өтуде. Гашиштің кімдікі екендігі таяу уақытта белгілі болатындығы сөзсіз, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар