1 қаңтар. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 1 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған болашақ әнші немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. 10 жасынан домбыра тартып, ән сала бастады.
Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды.
1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының І слетіне қатысып, сол жерде Опера және балет театрына қабылданды.
Ол Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет образдарын шебер сомдап, ұлттық операның негізін қалаған көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне айналды. Халықтың, әсіресе Мұхиттың әндерін нақышына келтіріп орындауы арқылы бүкіл қазаққа танымал болды. Сондай-ақ, өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем», т.б.
Құрманғалиев өнерпаз жастарды баулып, өзінің тамаша мектебін қалыптастырды, сөйтіп ұлттық кәсіби ән өнеріміздің дамуына баға жетпес үлес қосты. Республикалық эстрада студиясында ұстаздық ете жүріп, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті.
«Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

109 жыл бұрын (1914-1995) актриса, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лаураты Сәбира МАЙҚАНОВА дүниеге келген.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1932 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты.
Театр сахнасында сомдаған тұңғыш рөлі – Б. Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д. Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В. Киршон, «Астық»), Рая (М. Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (М. Әуезов, Ә. Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (М. Әуезов, «Абай»), Зейнеп (С. Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ. Мүсірепов, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»), Толғанай (Ш. Айтматов, «Ана - Жер-Ана»,), Кесария (О. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды.
Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж. Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха, Галчиха (А. Островский «Найзағай», «Жазықсыз жапа шеккендер»), т.б. рөлдерін ойнады.
1936 және 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт»), Торғын («Біз осында тұрамыз»), Дәметкен («Құйма»), т.б.
Жазушы Д. Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнаған, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова 1983 жылы басты рөл – Салиқаны ойнады.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған.

101 жыл бұрын (1922-2011) әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996) Роза Тәжібайқызы БАҒЛАНОВА дүниеге келген.
Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы 1 қаңтарда туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.
Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады.
1947-1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949-1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға зор үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады.
Роза Бағланова – сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауда ешкім тең келмейді. Шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) да әндерін нақышына келтіре орындады.
1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен марапатталған.
Роза Бағланова 2011 жылы қаңтардың 8-інде Алматы қаласында дүниеден өтті. Әншінің орындауындағы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», композитор М. Төлебаевтың ақын өлеңіне жазған «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», С. Мұхамеджановтың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Қиыстырып мақтайсыз» әндері Қазақ радиосы фонотекасында сақтаулы, оның орындауындағы әндер бірнеше рет күйтабаққа жазылып, қазақ музыка мәдениетінің алтын қорына қосылды.

100 жыл бұрын (1923-2000) актриса, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бикен Ырымқызы РИМОВА дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы театр училищесін бітірген.
1940 жылдан өмірінің соңына дейін М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының труппасында өнер көрсеткен. Актриса театр сахнасында алғаш Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» трагедиясындағы Мәрзия рөлін ойнаған. Ол Сәуле, Жанар, Дәмеш (Ә. Әбішев «Достық пен махаббат», «Бір семья», «Күншілдік»), Ғани (Т. Ахтанов «Күтпеген кездесу»), Дәметкен (Е. Домбаев «Біздің кластың қыздары»), Еңлік, Мөржан (М. Әуезов «Еңлік-Кебек», «Қарагөз»), Зейнеп (М. Әуезов, С. Соболев «Абай»), Батагөй ана (Ә. Кекілбаев «Абылай хан»), Жаңыл, Жер-Ана (Ш. Айтматов «Аңсаған менің әнімсің», «Ана - Жер ана»), т.б. рөлдерді орындауымен қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосқан.
Ол ойнайтын рөлінің өзіне тән ой-мінезін, тағдыр талқысын терең ашып, даралық сипат беруді орындаушылық өнерінің басты мақсаты тұтатын өткір мінезді актриса болған. Сонымен қатар, «Ана туралы аңыз», «Тамтам үні», «Ұлдың оралуы», «Өжет қыз» фильмдеріне, отандық көп сериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміне түскен.
«Абай-Әйгерім», «Қос мұңлық» драмалық шығармалардың және «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітаптың авторы.
Актриса есімі Алматы облыстық қазақ драма театрына берілген.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

80 жыл бұрын (1943) Мұхтар Әуезов қорының президенті, мәдениеттанушы, әдебиет зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы ӘУЕЗОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын, Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын бітірген.
1965-1977 жылдары – КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1977-1980 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары – Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі. 1982-1988 жылдары – «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі. 1988-1990 жылдары – Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті. 1990-1992 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы. 1992-1995 жылдары – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі. 1995-1997 жылдары – Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі. 1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы, 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған.
«Үлкен жол», «Гүл іспеттес жол», т.б. деректі фильмдердің, «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен», т.б. атты кітаптардың авторы.
80 жыл бұрын (1943) қазақ телевидениесінің ардагері, журналист Амангелді ЖАҚСЫБЕКОВ дүниеге келді.
1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы бұрынғы Байқадам селосы қазіргі Саудакент ауылында туған.
1959 жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне түскен.
1965 жылдан «Қазақ радиосында», Қазақ телевидениесінде редактор, аға редактор, комментатор болып еңбек еткен. 1982-1991 жылдары – «Спорт» республикалық газетінің редакторы. 1991-1993 жылдары – ҚазТАГ-та бас редактордың орынбасары. 1993-1997 жылдары – ҚР Жоғарғы төрелік сотында, Жоғарғы сотында бөлім бастығы - бас редактор болып қызмет атқарды. 1997-1998 жылдары – ҚазТАГ-та бөлім меңгерушісі, 1998-2000 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде бөлім бастығы, 2000-2012 жылдары – «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-да аға редактор.
ҚР ІІМ-нің «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және түрлі мемлекеттік ведомстволардың Құрмет грамоталарымен марапатталған.
61 жыл бұрын (1962) ҚР Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2020 жылдан бері), ҚР Алжир, Тунис Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2021 жылдан бері) Қайрат Қайырбекұлы ЛАМА ШАРИФ дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген (1990). Филолог-арабист, шығыстанушы.
1993 жылдан бастап Дипломатиялық қызметте. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының үшінші хатшысы (1993), Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің үшінші, кейін екінші хатшысы (1993-1996), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мәдени байланыстар, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері жөніндегі басқарманың екінші хатшысы (1996-1997), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу және Орта Шығыс, Африка басқармасының екінші, кейін бірінші хатшысы (1997-1998), Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кейін Кеңесшісі (1998-2002), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы, кейін басқарма бастығы (2002-2003), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары (2003-2004), Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жанындағы Сыртқы саясат орталығының Бас инспекторы (2004-2006), Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулы (2006), 2006 жылдан Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымдағы Тұрақты өкілі (2006-2010), Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2008-2010), 2007 жылғы мамыр айынан бастап Кувейт Мемлекетіндегі және 2009 жылғы наурыз айынан бастап Бахрейн Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы, 2011-2013 жылдары ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы, 2013-2016 жылдары Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі болды. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың сәуірінен.
Қайрат Лама Шариф «Араб тілінің хрестоматиясы» (2004), «Қазақша-арабша тілашар» (2005), «Қазақстан және әлем елдері» (2005), «Қажылық» (2010) және араб тіліндегі «Қазақстан – Орталық Азияның інжу-маржаны», «Экономикалық дамудың қазақстандық моделі», «Қазақстан фактілер мен сандарда», «Қазақстан – көпұлтты ел» және «Киіз үй – көшпенді қазақтардың үйі» атты кітаптардың авторы.
Сонымен қатар, оның жалпы редакторлығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітаптары, «Дағдарыстан шығу кілті», «Бесінші жол» және «Еуропадағы қауіпсіздік пен қауіпсіздік ұйымының тағдыры мен болашағы» мақалалары, Қазақстан Республикасының Ата Заңы, «Нұрсұлтан Назарбаев – ұлтаралық және дінаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы» кітабы, Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы дипломатиясы» және «Нұр мен көлеңке» кітаптары араб тілінде және «Қазақстан мен Сауд Арабиясы: стратегиялық әріптестік жолында», «Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы жолында» атты кітаптар орыс тілінде жарық көрді. Бірінші класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
«Қазақстан Республикасының Ата Заңына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) және «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қарағанды қаласының Совет ауданында тергеуші (1991 жылдан), Қарағанды облысының прокуратурасында тергеу басқармасының бөлім прокуроры, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды қаласы прокуратурасы жедел іздестіру, тергеу және алдын ала анықтау қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Шет ауданының прокуроры, Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (1991-2002), Бас прокуратураның орталық аппараты (2002 жылдан), Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның тергеу және алдын ала анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы, Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның мамандандырылған прокурорлар, ұсталған, қамауға алынған және жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталу заңдылығын қадағалау департаменттерінің бастығы (2002-2012), Ақтөбе облысының прокуроры (2012-2017), Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры (2017-2018), Түркістан облысының прокуроры (2018-2020).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2020 жылдың ақпан айында кірісті.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Айгүл Қызырқызы ЖҰМАБАЕВА дүниеге келді.
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ресей Федерациясының Свердловск қаласында М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университетінің философия факультетін бітірген (1990).
1990-1993 жылдары – ҚР Ғылым академиясының Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері. 1993-2008 жылдары – кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2008-2011 жылдары – «Атамекен» ҰКП департамент директоры, басқарма төрағасының орынбасары. 2011-2012 жылдары – «Ақ жол» ҚДП қоғаммен байланыс жөніндегі директоры, партия төрағасының кеңесшісі. 2012 жылдан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция аппаратының басшысы, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы. 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2019).

Маңғыстау облысы Шайыр селосында туған.
Қызылорда Агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын бітіріп, «құрылыс инженері» біліктілігін алды. Еңбек қызметін 1994 жылы «Өзенмұнайгазқұрылыс» АҚ-да шебер болып бастап, прораб, учаске бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, ҚР құрылыс, және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің, Маңғыстау облысы әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшы», Маңғыстау облысының «Үздік құрылысшысы» атағын иеленген. «Алтын Ягуар» халықаралық марапатына (бизнестегі мінсіз беделі және қызметтің, тауардың жоғары сапасы үшін) ие болған. 2001 жылы «СМК-4» ЖШС-ін құрып, құрылыс саласында жеке бизнесін бастады.
2012-2021 ж.ж. – 13 компанияны біріктірген «Корпорация Каспий Строй-Сервис» ЖШС-нің бас директоры.
2021 жылдың қаңтарынан бері қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Таңатқызы КАРИНОВА дүниеге келді.
Көкшетау облысында туған. 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратурасын «педагогикалық білім» бағыты бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы білім бөлімінің басшысы. 2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары. 2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған. 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы, 2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі (2019-2021). 2021-2022 жылы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі.
2022 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.

50 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаметәлі НАЖМЕДИН дүниеге келді.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігінің референт-аудармашысы (1998-2005), ҚР СІМ Азия мен Африка департаментінің екінші хатшысы (2005), Қазақстанның Дубаидағы Бас консулдығының кеңесшісі (2005-2010), ҚР СІМ Азия мен Африка департаментінің кеңесшісі (2010-2011), Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің кеңесшісі (2011-2012), ҚР СІМ Азия мен Африка департаментінің кеңесшісі (2012-2013), Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2019 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.

48 жыл бұрын (1975) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Кемеңгерұлы ӘМРИН дүниеге келген.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша (1997), Корнель құқық мектебін құқық магистрі бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолы: Ақмола облысы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта заңгер-консультант (1997), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бас маман, құқықтық сараптама және заң жобалары жұмыстары басқармасының бастығы (1997-2001), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары (2001-2003), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (2003-2006), «Lancaster Invest» АҚ вице-президенті (2007-2012), Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты хатшы (02.2012-09.2012), ҚР Бас Прокуроры аппаратының басшысы (2012-2016), Астана қаласы әкімінің кеңесшісі (2016-2017), Астана қаласы әкімінің орынбасары (2017-2019), 2019-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан қазіргі қызметінде.
46 жыл бұрын (1977) Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы МӘДІБЕК дүниеге келді.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған.
1999-2005 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2012-2015 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2019-2020 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылғы сәуірден бастап 2022 жылғы қыркүйекке дейін Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
2022 жылғы қыркүйектен бастап – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

43 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппарат басшысы Әлия Ғалымжанқызы РАҚЫШЕВАдүниеге келген.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (2001). Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және протокол департаменті, Халықаралық құқық және мемлекеттік мүліктік құқықтарды қорғау департаменті, Заңнамалық департаментінің жетекші маманы (2001-2002), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнамалық департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, Заң жобалары қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйеге келтіру департаментінің бөлім бастығы, Заңнамалық департаментінің бөлім бастығы, одан кейін басқарма бастығы (2002-2005), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты заң бөлімінің консультанты, меңгерушісі (2005-2007), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы (2007-2013), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі (2013-2018), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары (2018-2019), Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (2019-2020).
2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

35 жыл бұрын (1988) Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы КӘРІМОВдүниеге келді.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, ҚазМЗУ университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «АйТи-Сервис» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен. 2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің директорының орынбасары, басқарма басшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында: 2016-2017 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары — Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі. 2019 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 2019-2022 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2022 жылдың маусымынан қазіргі қызметінде.

34 жыл бұрын (1989) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тілектес Серікбайұлы АДАМБЕКОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында туған. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Тунцзи Университетінде (Шанхай, ҚХР) телекоммуникацияны зерттеді. Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебін бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді. Президенттік жастар кадрлық резервінің финалисі.
Еңбек жолын 2015 жылдың қазан айында «Kazakh-Chinese Center of Cooperation «Silk Road» ЖШС бас директоры ретінде бастады. 2016 және 2017 жылдары – «Astana Innovations» АҚ Инвестициялар және әріптестік бойынша басқарушы директоры, 2017 жылы – Astana Invest қалалық инвестицияларды дамыту орталығы бас директорының орынбасары, 2018 жылдан 2020 жылға дейін – Eurasia Blockchain Fintech Group Limited жеке компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың ақпан-тамыз аралығында «Қазпочта» АҚ-да IT инфрақұрылым бойынша атқарушы директор болды.
2021 жылдың қаңтар айынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі.