1 қаңтарда ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 1 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 қаңтарда ауа райы қандай болады

ҚР аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан басым аумақта қар жауады, батыста – жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстанның басым бөлігінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында, күндіз Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады.