1 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 1 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

null
1 қараша. БЕЙСЕНБІ

Халықаралық веган күні (World Vegan Day)

Ол етсіз тамақ жеушілер қауымдастығының 60 жылдық мерейтойына орай 1994 жылдан бастап атап өтіледі.

Алжирдің Ұлттық мейрамы - Төңкеріс күні (1954)

Алжир Халық Демократиялық Республикасы - Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан мемлекет. Батысында Марокко, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия, Туниспен шектеседі. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб тілі. Ақша бірлігі - динар.

Антигуа мен Барбуданың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981)

Антигуа мен Барбуда - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Астанасы - Сент-Джонс қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - шығыс кариб доллары.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

  

1992 жылы бұрынғы Түркістан әскери округінің 32-армия бөлімшелерінің базасында Қазақстанда тұңғыш армиялық корпусы құрылып, оның штабы Семейге орналастырылды. Кейіннен оның базасында Шығыс әскери округі құрылды. Ол 2003 жылғы 13 қарашада қазіргі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы болып қайта құрылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының алтын-валюта қоры туралы алғашқы мәліметтер жарияланды. Ұлттық банк пен қаржы органдарында сақталатын алтын және шетелдік валюта қоры. Бұған халықаралық валюта-несие ұйымдарындағы алтын мен шетелдік валюта кіреді.

1997 жылы Ұланбатырда Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің ашылу салтанаты өтті.

2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Вьетнам ұлттық университетінің құрметті докторы атағы берілді.

2012 жылы Таразда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа ескерткіш тақта қойылды

2015 жылы Миланда «ЭКСПО-2015-нің жабылу салтанаты кезінде Милан Қазақстан өкілдеріне көрмені өткізу эстафетасын тапсырды.

2017 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королі Абдалла ІІ Бен Әл-Хусейнге ядролық қаруға қарсы күрескені үшін сыйлығын берді. «Мен ядролық қаруға қарсы күресте ерекшеленгендерге арналған арнайы сыйлық бекіткен едім. Қазақстан нөмірі бірінші сыйлықты Сізге табыстау шешімін қабылдады және мен сәйкесінше жарлыққа қол қойдым. Бұл Сириядағы, Ирактағы соғыс жағдайында халықтарды жақындата түсетін бітімгершілік рөліңізді жалғастырудағы еңбегіңіздің  мойындалуы. Сирия жөніндегі Астана процесінде де Сіздің еліңіз зор рөлге ие. Осыны ескере келе арнайы комиссия бұл сыйлықты Сізге табыстап отыр. Оны Сізге табыс ету мен үшін зор құрмет», - деді Иордания Королімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев.

2017 жылы ЮНЕСКО бас директоры Ирина Бокованың шешімімен Қазақстанның Алматы мегаполисі ЮНЕСКО Шығармашылық қалалары желісінің мүшелігіне қабылданды. Қазіргі кезде Желіде 72 елдің 180 қаласы бар.

ЮНЕСКО Шығармашылық қалалары желісі шығармашылыққа инвестиция салуға дайын қалалар арасында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған.  

Соңғы жаңалықтар