1 қараша. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

1 қараша. Туған күн иелері


null
ЕСІМДЕР


82 жыл
 бұрын (1936-2015) Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор  Базарбай Сағадиұлы ЖҰМАНИЯЗОВ дүниеге келген.

Батыс Қазақстан облысында туған. 1951-1955 жылдары Орал педагогикалық училищесінде, 1956-1958 жылдары Абай атындағы академиялық опера және балет театрының жанындағы хор студиясында білім алған. 1965 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) профессор Е.Г.Брусиловский класы бойынша бітірген. «Қазақфильм» киностудиясында музыкалық редактор (1964-1965); «Мектеп» баспасында музыка редакциясының меңгерушісі (1965-1966); 1966 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды; Қазақстан композиторлар одағының екінші хатшысы; КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі (1973-1984); Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры (1984-1987); Композиторлар одағының бірінші хатшысы (1991-1998) қызметтерін атқарған.

Базарбай Жұманиязовтың тұңғыш музыкалық шығармасы - «Жер» (О.Сүлейменов сөзіне) ораториясы. Сондай-ақ оның «Махамбет» операсы (1990 жыл), «Отан туралы кантата» (1972 жыл), «Еңбек даңқы» (1974 жыл), «Отан салтанаты» (1974 жыл), «Мерекелік шеру» (1980 жыл), «Достық» (1980 жыл), «Кең байтақ Отаным менің» (1988 жыл) кантаталары; «Халқым туралы ән» (1969 жыл), «Кек әні» (1978 жыл), «1731» атты вокалды-симфониялық поэмалары; «Дала» (1976 жыл) симфониялық картинасы; «Қуаныш» (1980 жыл) симфониялық күйі; симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы (1985, 1987 жыл); «Айтыс» (1972 жыл) атты вокалды-хореографиялық композициясы, «Ақырзаман жастары» (Абай сөзіне, 1995 жыл), «Жамбыл тойы - ел тойы» (К.Салықов сөзіне, 1996 жыл), «Жамбыл - Құлмамбет» (Т. Молдағалиев, 1996 жыл) кантаталары және көптеген әндері мен романстары бар.

Сазгер 10 спектакль мен 18 кинофильмге музыка жазды. Ол 1970 жылы Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын жер, енді!» атты поэмасына арнап жазған 5 бөлімді кантатасы үшін Бүкілодақтық жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. 1986 жылы «Халықтар достығы» және 1999 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

  

55 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғабит Жақыпбайұлы БАЙЖАНОВ дүниеге келген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы қыркүйекте кірісті.

51 жыл бұрын (1967) Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі Виктор Николаевич РАДЧЕНКО дүниеге келген.

Ол Украинаның Чернигов облысында туған. М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен қамтамасыз ету мамандығымен бітірген, инженер-электрик; Қарағанды экономика университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығымен тамамдаған.

Еңбек жолы: «Торғайавиа» АҚ авиамеханигі (1991 жылдан); Арқалық ЖЭО-да электромонтері, электр цехының ауысым басшысы, Арқалық ЖЭО ауысым басшысы, Арқалық ЖЭО бас инженері (1998-2001); Арқалық ЖЭО директоры (2001-2007); Арқалық қаласы әкімінің коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі орынбасары (2007-2009); Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімі (2009-2013); Қостанай қаласы әкімінің орынбасары (2013-2014); Көкшетау қаласы жанындағы «Көкшетау жылу» МҚК бас директоры (2014-2015); Бұланды ауданы «АСКОП» ЖШС №2 агрокешенінің директоры (06.2015-08.2015); Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы (2015-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы маусымда кірісті.