1 қарашада республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қараша айының алғашқы күнінде республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек еліміздің батысы мен орталық бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, кейбір аймақтарында жауын-шашын болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

1 қарашада республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады - Қазгидромет

Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанда тұман түседі. Жамбыл облысында да тұман болып, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысындағы желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі.