1 қарашадан бастап Астанада айлық жол жүру билетінің құны 5 800 теңге болады

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы 1 қарашада қалалық жолаушылар көлігінде айлық жол жүру билетінің құны 5 800 теңгені, балалар үшін 900 теңгені құрайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хаабарлады.
None
None

«Қазіргі айлық жол жүру билетінің құны 2008 жылы қыркүйекте белгіленген. Осы уақытқа дейін жолаушылар көлігі кәсіпорындары қалалық маршруттарға пайдалану үшін жалпы құны 6,5 млрд теңгеден астамды құрайтын 305 жаңа автобус сатып алды. Мұнымен қоса, ЖЖМ, қосалқы бөлшектер мен материалдар бағасы 1,5 еседен артық өскен. Сол себепті кәсіпорындар жүргізушілерге тиісті жалақы төлей алмай отыр. Осыған байланысты елордада қалалық көлік жүргізушілерінің саны азайған. Қазіргі уақытта жолаушылар көлігі кәсіпорындарында жүргізушілер болмағандықтан күн сайын 80-нен астам автобус жолға шықпайды. Бұл белгіленген қозғалыс кестесінің бұзылуына әкеледі»,- делінген ақпаратта.

Осыған орай, кәсіпорын басшылары Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына өтініш жазған. Комиссия ұжымдық өтінішті қарап шығып, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қалалық қоғамдық көліктің көп реттік жол жүру билетінің (айлық, балаларға арналған) бағасын көтеру мәселесін қарастыруды ұсынды.

«1 қарашадан бастап айлық жол жүру билетінің құнын 5800 теңгеге, балалар үшін 900 теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды», - делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар