1 қазан күні астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 1 қазан күні болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
9:30-да Мәңгілік Ел даңғылы, 55/8 мекенжайында IV Орталық Азия BIM-TIME форумы басталады.
10:00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Эндаумент – қорларды басқарудағы цифрландыру және технологиялық инновациялар» атты IV халықаралық эндаумент форумы өтеді.
14:30-да Spectrum халықаралық мектебінде «AITOM DANYSHPANY – ядролық данышпандар» зияткерлік ойыны өтеді. Іс-шараны «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС ұйымдастырады.
14:30-да The Ritz Carlton қонақ үйінде Халықаралық валюта қорының 2024 жылы Қазақстанмен IV бап бойынша консультацияларға арналған баспасөз конференциясы өтеді.
АЛМАТЫ
7:00-де Республика алаңында Алматы облысының «Жағалау» оқу полигонында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Бұзылмайтын бауырластық-2024 бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуы ашылады.
12:00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Қоғам белсенділері мен депутаттар Талғар ауданындағы заңсыз қоқыс полигонын қалпына келтіруді талап етеді» атты баспасөз конференциясы өтеді.