1 қазан күні республиканың кей аймақтарында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде, түнде оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жаңбыр жауып, екпінді жел болады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде тұман күтіледі.
None
None

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар