1 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 1 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.
АСТАНА
Сағат 11:00-де Парламент Мәжілісінде «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» ҚР Үкіметінің заң жобасын таныстыру жоспарланған.
Сағат 16.00-де Мәжілісте 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы, сондай-ақ республикалық бюджеттің орындалуы туралы» тақырыбында отырыс өтеді.