1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады
Мектеп – бұл физикалық және психологиялық тұрғыдан бала үшін ауыр жүктеме. Мектептегі балалар үнемі өзара байланыста болады. Осылайша бір-біріне түрлі ауруларды жұқтыруы әбден ықтимал. Иммунитет оларды жеңуге көмектеседі, бірақ барлық балаларда ол ауруларға қарсы тұру үшін жеткілікті дамымаған болуы мүмкін.
ДҰРЫС ҰЙҚЫ
Көптеген бала ерте ұйықтауды ұнатпайды, ұзақ серуендеуді немесе компьютерде ойнауды жөн көреді. Бірақ осыған қарамастан, таңертең мектепке баруды ысырып қоюға болмайды. Осыдан барып көп балалардың ұйқысы бұзылады, қанбайды. Ал, бұл өз кезегінде иммунитетттің дамуына да, оқу қабілетіне де теріс әсер етеді. Мектеп жасындағы бала шамамен 8 сағат ұйықтауы керек.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ
Дұрыс тамақтану кез келген жаста пайдалы. Алайда, бала үшін бұл өте маңызды. Балалардың диетасы теңдестірілген болуы керек, зиянды, бірақ дәмді тағамдардың саны аз болғаны дұрыс. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну, ал ет өнімдерін қуыруға емес, бумен пісіруге кеңес береміз.
ВИТАМИНДЕР КЕШЕНІ
Витаминдер кешенін қабылдау да маңызды. Себебі күз – бұл жылдың ең қауіпті уақыты. Иммунитеттің төмендеуінің негізгі себептерінің бірі – денеде дәрумендердің жетіспеуі. Оларды тамақтан алуға болады. Қыста тұтынылатын көкөністердің саны күрт төмендейді, бұл ағзаға дәрумендердің түсуін азайтады. Мұны жеңуге әртүрлі витаминдер кешені көмектеседі.
ПСИХИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ
Психикадағы кез келген жүктеме денсаулыққа әсер етеді. Балалар үшін бұл әсіресе өзекті. Көбінесе денсаулыққа қатысты проблемалар маңызды іс-шаралар алдында пайда болуы мүмкін. Сондықтан балаңызды не мазалайтынын сұраңыз және оның проблемаларын мұқият шешуге тырысыңыз.
ТАЗА АУАДАҒЫ СЕРУЕН
Таза ауада жиі серуендеуге кеңес береміз. Өйткені бала денсаулығы үшін табиғатта серуендеудің пайдасы зор. Үйде, мектепте және басқа да сыныптан тыс жұмыстарды орындау үшін жабық үй-жайда үнемі болу балаға жеткілікті таза ауа бермейді. Адамдар лық толған бөлмелерде ауада көптеген патогендік бактериялар жиналады. Сондай-ақ, ұйықтар алдында бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.
ТАЗА СУ
Мектеп жасындағы балаға күніне 1,5-2 литр таза су қажет. Пайдалы деп саналатын әртүрлі сусындар дененің суға деген қажеттілігін өтей алмайды. Сондықтан су таза, газдалмаған, қантсыз болуы керек. Таңғы ас алдында және кешке, ұйықтар алдында бір стақан су ішу өте маңызды.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Денені шынықтыру, контрастілі душ баланың ағзасын сауықтырады. Су процедураларын мерзімімен орындау бала ағзасына оң әсер ететінін ұмытпаңыз. Балаңыздың дені сау болсын!