1 қыркүйек күні республиканың барлық мектептерінде «Денсаулық сабағы» өтеді
ТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Білім және ғылыми министрлігімен, Туризм және спорт министрлігімен, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, республиканың барлық мектептерінде 1 қыркүйек күні «Денсаулық сабағын» өткізеді,
ол балаларға арналған нағыз денсаулық мерекесі болмақ, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылында «Денсаулық сабағы - 2011» басты тақырыбы ретінде салауатты өмір салты мәдениетінің түрлі аспектілері қаралады: белсенді дене қимылы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу, тұрмыста және жолда жүргенде қауіпсіз мінез-құлықтың болуы.
Оның мақсаты - өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салты мәдениетін насихаттау мен қалыптастыру, өскелең ұрпақты денешынықтырумен және спортпен айналысуға жұмылдыру.
«Денсаулығыңды күтуге дағдылан!» ұранымен өтетін оқушылардың әрқайсысын күнделікті белсенді болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерге қарсы тұра білуге, салауатты өмір салтының дағдыларын игеруге шақыру. Бұл акция мектеп оқушыларының барлығына салауатты өмір салты аспектілері бойынша көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.