1 қыркүйекте 7 мың 690 мектеп есіктерін айқара ашатын болады - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Алдағы 1 қыркүйекте елімізде 7 мың 690 мектеп өз есіктерін айқара ашатын болады. Онда 2,5 млн.-ға тарта оқушылар білім алады.

  1 қыркүйекте 7 мың 690 мектеп есіктерін айқара ашатын болады - Б. Жұмағұлов

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, 270 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, 1-сыныпқа барады.

«Демографиялық өсім мен көші-қон үдерісі қарқын алып отырған жергілікті жерлерде 5 мың 170 балаға арналған 10 мектеп ашылды. Биыл 596 мектепке 20 млрд. теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылса, соның 80 пайызының жұмысы аяқталды. Ағымдағы жөндеу 5 мың 953 мектепке қарастырылды. Олардың дайындығы 98 пайызға жетті», - дейді министр. Оның айтуынша, мектептердің жылыту маусымға әзірлігі де жоғары. Мәселен, 6 мың 80 мектеп дербес жүйемен жылытылады. Бұл ретте отынмен қамтамсыз ету 70 пайызды құрайды.