1 қыркүйекте елдің солтүстігінде күн күркіреп, тұман түседі, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
None
None

«Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, түнде және таңертең - тұман түсуі күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде күшті ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар