1 қыркүйекте елордада 12 мыңға жуық балдырған мектеп табалдырығын алғаш аттайды
АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада жаңа оқу жылында 12 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан хабарлады.
«Биыл 1 сыныпқа 12 мыңға жуық бала барады. Қазіргі уақытта 11 163 адамнан өтініш келіп түсті»,- деп хабарлады astana.kz сайтына ведомстводан.
1 қыркүйекте Астанада орналасқан 82 мектептің бәрі есігін айқара ашады. Онда 86 663 оқушы білім алады.
Қаладағы жалпы білім беру ордаларында 5609 педагог қызмет етеді.
Айта кетер жайт, Қазақстанда 1 қыркүйекте 250 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.