1 қыркүйекте республикалық «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы ауқымында Астанада «Балалықтың қауіпсіз жолдары» акциясы өтеді

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 1 қыркүйекте оқу жылының бірінші күнінде «Абайлаңыз-балалар!» атты республикалық профилактикалық іс-шарасының шеңберінде Астана қаласында, сағат 15.00-де «Керуен» ССО-да Жол полициясы комитетінің қолдау көрсетуімен

1 қыркүйекте республикалық «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы ауқымында Астанада «Балалықтың қауіпсіз жолдары» акциясы өтеді

«Шелл» в Казахстане» концерні «Балалықтың қауіпсіз жолдары» атты  акция өткізуді жоспарлады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акция бағдарламасында жолдарда қауіпсіз дағдыларды нығайтуға бағытталған театрландырылған көріністер - Жол жүрісі ережелерінің еліне саяхат, сондай-ақ викториналар, конкурстар, ойындар көзделген.

Акция барысында әрбір балаға сыйлық - ЖҚЕ-ға оқыту компьютерлік ойыны, ата-аналарға - «Балалықтың қауіпсіз жолдары. Ата-аналарға кеңес» кітапшасы сыйға беріледі.

Балалардң жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мақсатында жол полициясы үкіметтік емес ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, балалар мен жасөспірімдерді қауіпсіз жол жүрісі саласында құқықтық оқыту, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жүйелі түрде жұмыс жүргізеді.

«Тәжірибе көрсеткендей, көшелер мен жолдарда қауіпсіз дағдыларын қалыптастыратын викториналар, конкурстар өткізу арқылы алдын алу жұмысын жүргізу ЖКО-ны ескертуде елеулі фактор болып табылады. Бұл оқу жылының басында өте өзекті. Статистика бойынша осы кезеңде оқушылардың қатысуымен болатын жол апаттарының саны күрт өседі. Демалыстан кейін оқушылар көлік легіне енді үйрене бастайды»,- деп атап өтті Жол полициясы комитеті төрағасының орынбасары Ермек Құсайынов.

Осы орайда, ІІМ-нің Жол полициясы комитеті мен «Шелл» в Казахстане» концернінің балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алуда тиімді өзара іс-қимыл жасасуында алғашқы тәжірибесі емес екен атап өту қажет. Ағымдағы жылдың мамыр айында осындай акция өткізілген, ал маусым айында концерн 12-ші республикалық жас жол қозғалысы инспекторларының слетіне қолдау көрсеткен. Онда Қазақстанның өңірлік жарыстарының жеңімпаздары мен ТМД командалары - 180 бала қатысқан.