1 мамырға арналған ауа райы: жаңбыр, тұман, үсік

жаңбыр
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 1 мамырға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті. 

Синоптиктердің болжамынша, ҚР басым бөлігіне ауа-райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста-дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, , Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Соңғы жаңалықтар