1 мамырда Астанада жолдардағы қозғалыс жартылай шектеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мерекелік шараларға дайындық жұмыстарын өткізуге байланысты Астана қаласында 23-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даңғылының бойында А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі жолдарда қозғалыс жартылай шектеледі, деп хабарлады astana.gov.kz ресми сайты.
1 мамыр күні сағат 7.00-13.00 аралығында Тәуелсіздік даңғылы, Б. Момышұлы даңғылынан Ш. Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш. Қалдаяқов көшесі М-3 жолайырығынан Обаған көшесіне дейін, Р. Қошқарбаев көшесі Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін, Айнакөл көшесі Сарыкөл көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін жолдар жабылады.
Мерекелік шаралар өткізілген уақытта 1 мамыр күні қоғамдық көліктің қозғалыс кестесіне де өзгертулер енгізіледі:
№3 бағыттағы автобустың қозғалыс кестесі Тәуелсіздік даңғылынан Р. Қошқарбаев көшесіне дейін шектеліп, Б. Момышұлы даңғылынан бұрылады және М. Жұмабаев көшесі арқылы «Сарайшық» ТА дейін жүреді. Кері қайтарда Р. Қошқарбаев көшесі арқылы жүреді.
№ 4, 14 бағыттағы автобустардың қозғалысы Тәуелсіздік даңғылынан Р. Қошқарбаев көшесіне дейін шектеледі;
№19, 40 бағыттағы автобустардың қозғалысы Тәуелсіздік даңғылынан Р. Қошқарбаев көшесіне дейін шектеліп, Б. Момышұлы даңғылында М-1 көпірі арқылы кері бұрылады;
№ 21 бағыттағы автобустың қозғалысы Сығанақ көшесінен Орынбор көшесіне дейін шектеледі;
№ 32 бағыттағы автобустың қозғалысы Айнакөл көшесінен - М. Жұмабаев көшесі - Б. Момышұлы даңғылындағы М-1 көпірі бойында шектеледі.