1 маусым күні Қазақстанда қандай шаралар өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі сенбі 1 маусымда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де «Тәуелсіздік» сарайында Еуразиялық Зияткерлік олимпиаданың (EurIO) салтанатты ашылуы өтеді.
9.30-да Назарбаев Зияткерлік мектебінде DigiGirlz High Tech Camp Қазақстандағы алғашқы балаларға арналған білім беру жобасы ашылады.
10.00-де «Барыс-Арена» бассейнінде аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық жаттығуы ұйымдастырылады.
10.00-де «Қазақ елі» алаңында елорданың жас тұрғындарының қатысуымен өтетін ең жарқын әрі көлемді шара - балалар мен жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі басталады.
11.00-де Орталық саябақта қалалық ТЖ департаменті Қызыл Жарты Ай, «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен, «Жас құтқарушы» қалалық жарысының жүлдегерлерімен және жеңімпаздарымен бірлесіп акция өткізеді.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз ғой елдің ертеңі» атты мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ «Кескіндеме және графика» мен «Шебер» үйірмелерінің «Музей балалар көзімен» атты көрмесі ұйымдастырылады.
11.00-де Қазақстандағы Ресей елшілігінде РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Н. Бородавкин қазақстандық жастармен кездеседі.
12.00-де Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің 30 жылдығына арналған Неміс мәдениеті күні өтеді.
16.20-да «Астана Балет» театрында Корея Республикасының уақытша үкіметінің құрылуының және бостандыққа арналған Бірінші наурыз қозғалысының 100 жылдығына орай кореялық және қазақстандық әртістер концерт қояды.
19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалі ашылады.
19.00-де «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы маңындағы алаңда «Nur-Sultan Ethno Fest» фестивалі ашылады.
АЛМАТЫ
11.00-де «Koktobe city» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында High Tech Academy инновациялық мектебінің кірпіші қаланады.
11.00-де ҚР Орталық музейінде суретші Марис Хитахуновтың «Ана жер құшағында» көрмесі ашылады.
14.00-де Достық үйінде «Балғын балалар - біздің болашағымыз» танымдық-мерекелік шарасы ұйымдастырылады.
15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінің Арт-зертханасында балалар шығармашылығының көрмесі ашылады.
16.00-де Версаль мейрамхана кешенінің жазғы алаңында «Жақсылық жаса» волонтерлік жобасы аясында «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қарттар үйінің тұрғындары кездеседі.
16.00-де ҚР Тұңғыш Президенті саябағында үлкен экранда балаларға мультфильм көрсетіледі.
КӨКШЕТАУ
10:00-де Бурабай курортының визит-орталығында Бурабай ауданының талантты балалары концерт қояды.
12.00-де Көкшетау қаласының Сарыарқа шағынауданында Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға 80 жаңа пәтердің кілтін ұсынады.
ШЫМКЕНТ
09.00-де "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай Мәдениет үйінде "Біз мектепке барамыз" акциясы және оқушылар шеруі өтеді.
11.00-де Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты алаңында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасы өтеді.
12.00-де "Ақмешіт" мешітінде "Харекет" қайырымдылық қоры 5 отбасына баспана кілтін тапсырады.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ
10.00-де "Қуаныш" сауда орталығында «ХҚКО қалтада» атты акциясы өтеді.